Аймақинфо- ақпараттық портал

Тутұғыр бой көтерді

0 15
шарал ауылының орталық саябағында Тутұғыры бой көтерді. 1984 жылы Үшарал мектебінен түлеп ұшып, бүгінде мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған ауылымыздың азаматтары жобаның бас демеушілері болды.
Жалпы ауылымызда « Жомарт түлек» жобасы аясында биылғы жылдың өзінде бірқатар нысандар бой көтерді. Атап айтар болсақ, 2014 жылы мектеп бітірген 10 жылдық түлектер ауылымыздың кіре беріс маңдайшасын (арка) құны 1 млн. теңгеге заманға сай күрделі жөндеуден өткізді. 2004 жылы мектеп бітірген 20 жылдық түлектер ауыл орталығынан құны 2 млн. теңгеге балалар ойын алаңын, сонымен қатар, құны 500 мың теңгеге Ә. Сағынтаев атындағы орта мектебіне және 300 мың теңгеге Бозарық негізгі мектебіне субұрғақ орнатты.
Осылардың бірі және бірегейі — Ту тұғыры. Тутұғырының биіктігі — 15, тудың ені 1,5 метр. Жалпы құны 1,2 млн. теңгені құраған. Тутұғыры ауылымызды ерекше көріктендіріп, жастарымыздың патриоттық сезімінің оянуына ықпал етері сөзсіз. Өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі бола білген 40 жылдық түлектерге ауыл атынан айтар алғысымыз шексіз. Жақсы істер ары қарай жалғасын тауып, ауылымыз күннен – күнге көркейе берсін. Туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Ернұр Сәдубек,
«Жастар ресурстық орталығының»
аға инспекторы.
Үшарал ауылдық округі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.