Аймақинфо- ақпараттық портал

Қауіпті індетке қарсы тұруымыз керек

0 20
Сыбайлас жемқорлықты әлемнің барлық елдері теріс құбылыс ретінде таниды. Өйткені, жемқорлық жайлаған қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі мүмкін емес. Еліміз де тәуелсіздігін жариялаған тұстан бастап, осы індетке қарсы іс-шаралар жоспарын бекітіп, алдын алу бағытында тиісті заң нормаларын қабылдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте: -Біріншіден, сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Осыған орай, түрлі саладағы жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға сапалы талдау жасау керек. Заң барлық мемлекеттік органдарға түйткілді тұстарды өз бетінше анықтап, жоюға міндеттейді.
Дер кезінде алдын алу және ескерту жұмысы жүргізілмесе, жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы мүмкін, — деген болатын.
Әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа төбеушілік мәдениетін қалыптастырмай оның жолын кесудің қиын екендігін күнделікті өмірде естіп, көріп те жүрміз. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінше, елімізде биылғы жылдың бірінші тоқсанында тіркелген сыбайлас жемқорлықтар саны былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21,1 пайызға өскен. Бұл дегеніміз 639-дан 774-ке артқанын көрсетеді.
Дегенмен қауіпті індеттің алдын алу бойынша жұмыстар жүйеленіп, бақылау күшейтілді. Мәселен, қазір жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың алдын алу мақсатында жалпы жүйені цифрландыруға көшкен. Олар осы жағдайда ұрлық болған осал тұстарды анықтап, дәл сол жердегі кемшіліктерді жою мәселесін пысықтауға көшкен.
Қалай болғанда да, қоғам індетін жою тек жауапты сала қызметкерлерінің міндеті ғана емес, ел дамуына үлес қосамыз десек бұл мәселеге әрбір азамамат жауапкершілікпен қарауы тиіс деп білемін. Артымыздан ерген жастарға жемқорлықтың теріс құбылыс екенін айтып, оның зардаптары туралы түсіндіре жүруіміз керек. Өйткені, бүгінгі жас-ертеңгі ел болашағы.
Мұрат Несіпбаев,
Қаратау ауылдық округінің әкімі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.