Әуенді Талас кештері
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Қаратау қаласында аудан және қала тұрғындарына арнап «Әуенді Талас кештері» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда. Әр жұманың кешінде орталық «Жеңіс» алаңында өткізіліп жүрген шарада Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйінің қызметкерлері мен клуб өнерпаздары өнер көрсетуде.
Облысымыздың 85 жылдығына арналған шара аясында бұған дейін С.Шәкіров, Аққұм, Қараой, Тамды, Есейхан, Қожағаппар ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары қала тұрғындарына концерттік бағдарламасын ұсынса, өткен жұмада Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.