Заң талаптары түсіндірілді
Өткен аптада ауданға жұмыс сапарымен келген Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев пен «Елу жылда — ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шарапат Сүйімқұл аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері, сондай-ақ Мемлекет Басшысымен қабылданған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
Жиын соңында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, заң аясында тиісті жауаптар ұсынды.

Нравится
Комментировать
Отправить