Тұрғындарға мал азығы таратылды
Қораға мал ұстаған ауылдағы ағайындарды алаңдататын басты мәселенің бірі-қысқы жем-шөп азығын әзірлеу. Басқаны айтпағанда бар шаруасы қолдағы түлігіне қарап отырған тұрғындарға ауыр. Елдің іші болған соң ара-тұра кездесетін мұндай қиындықтар қайырымды азаматтардың арқасында қисынын тауып келеді.
Мәселен, Қызыләуіт ауылдық окургіндегі Керімбай Оязбекұлы атындағы «Көктал» ЖШС-і ауыл ішіндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғыз ілікті ата-аналарға қысқы мал азығын жеткізіп берді. Мұқтаж жандарға көмек беруді міндет санайтын Жанабек Сұлтанбеков және Берік Қасымов арнайы техника бөлдіріп, 15 отбасына 5 рулоннан 75 рулон шөп таратты.
— Азаматтардың игі істеріне ауыл тұрғындарының ризашылығы шексіз. Мұндай көмектер шаруа қожалық тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, «Миятбек ата» шаруа қожалығы да сауапты істен сырт қалған емес. Шаруа тарапынан жәрдемге мұқтаж отбасыларына жем-шөптен көмек беру жоспарланып отыр.
— Шөп ору науқаны басталды. Қазір арнайы техникалар Көктал өзенінің бойы мен Қызыләуіт көлінің аяғына жеткізілген. Онда қызу жұмыс жүріп жатыр. Бүгінге дейін тиісті жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Сәтін салса шөп ору науқанын қыркүйек айына дейін аяқтамақпыз,-дейді Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Ғарифулла Байкенжеев.