Аймақинфо- ақпараттық портал

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында облыстан 17 спортшы бақ сынауда

0 23
8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Дүбірлі додаға Жамбыл облысынан 17 спортшы қатысуда.
Олар спорттың 8 түрі бойынша бақтарын сынайды. Оның ішінде көкпар, жамбы ату, құсбегілік, қазақ күресі, кураш (өзбек күресі), ашыртмалы аба гюреши (түрік күресі), белбеу сынды спорт түрлері бар.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде қазақ спортшылары барлық 21 спорт түрінен өнер көрсетеді. Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойындары кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар.
Естеріңізге салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстанда (2014 жылы) өтіп, кейінгі екеуі де (2016 және 2018 жылдары) осы елде ұйымдастырылды. Ал, 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.