Аймақинфо- ақпараттық портал

Жолдау жүктеген міндеттер

0 24
Партияның мәжіліс залын­да «Amanat» партия­сы Талас аудандық мәслиха­тындағы депутаттық фракция жиналысы болып өтті.
Жиын Президент Қ.Тоқаев­тың Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау барысы­на арналды. Басқосуға мәслихат депутаттары мен бас­тауыш партия ұйымдары­ның төрағалары қатысты.
Отырысты «Amanat» пар­тиясы Талас аудандық мәсли­хатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Д.Мәселбеков ашып, жүргізіп отырды.
Жиында «Amanat» партиясы Талас аудан­дық филиалының атқарушы хатшысы Ғ.Қартабаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономи­калық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына байланысты баяндама жасады.
— Мемлекет басшысының бұл жолғы жолдауы бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Сонымен қатар, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қамтыды,- дей келіп, Жолдау жолдарындағы өзекті мәселелер мен тапсырмаларға тоқталып, жүктелген міндеттерді бірлесе орындау қажеттігін тілге тиек етті.
Келесі кезекте жарыссөзге жазылған аудан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әсемов пен «Денсаулық» бастауыш пар­тия ұйымының төрағасы Б.Каленов Жолдау жүктеген міндеттерге қатысты пікірлерін білдірді.
Жиын соңында депутаттық фракция жиналысының шешімі шығарылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.