Ұстаз-ұлағатты ұғым
Елімізде педагогтардың кәсіби мерекесі 5 қазанда атап өтіледі. 2023 жылға дейін мемлекеттік мерекелер тізіміне енген бұл күн қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген болатын.
Жалпы мұғалімдер күні-білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ қуаныш.
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Шара барысында жиылған көпшілікті мерекемен құттықтаған аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегін атап өтті.
-Тәуелсіз еліміздің болашағы саналатын жастарға білім беру ісінде ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп келеді. Баланың мықты маман болуы ұзатазға байланысты. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге табыс тілеймін,-деген Нұрбол Әбдімәжитұлы білім саласының дамуына үлес қосқан бірқатар ұстаздарға Оқу-ағарту министрінің, облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Сонымен қатар салтанатты жиында білім беру ісінде еңбегімен ерекшеленген ұстаздарға аудандық мәслихаттың және Amanat партиясының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табысталды. Өз кезегінде өмірі мен еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Мұнан соң жиылған көпшілік аудан өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалады.