Аймақинфо- ақпараттық портал

Әлеуеті зор аймаққа айналып келеді

0 16
Жыл сайын қаламыздың сәулеті артып, көрікті орындар көбейіп келеді. Жаңартылған «Жастар саябағы», осы жылдың жазында балаларға қайта есігін ашқан «Ақжелкен» жазғы бассейні, Орталық саябақ, «Батырлар алаңы» аллеясы бүгінде қала тұрғындарының көзайымына айналды. Бұдан бөлек, көпқабатты тұр­ғын үйлердің аулалары да абаттан­дырылып, балалар ойын алаң­шалары, шағын спорт алаң­дары салынуда. Тұрғын­дардың игілігіне қызмет ететін осын­дай нысандардың құрылыс сапасы да ескеріліп, талаптарға сай жүргізілгендігі қала басшылығының бұл істе асқан жауапкершілік танытатындығын көрсетсе керек.
2024 жылдың басынан Қаратау қаласындағы «Шан­хай», «Городок» аталып кеткен аумақтарда сонымен қатар 3 мөлтек ауданындағы № 5 үйдің ауласына, Д.Нүрпейсова көшесіндегі үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңдары салынды. Ал Ә.Ақшораев көшесі № 1 үйдің ауласына шағын футбол алаңшасы салынып, қазіргі таңда жастардың уақытын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылданатын орынға айналды. Бұған қоса жыл басынан Саңырық батыр көшесі №7, А.Пушкин көшесі № 3а және 18, Б.Момышұлы № 14, Т. Рысқұлов № 2 және 21 тұрғын үйлердің де аулаларына ойын алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді. Осы 2024 жылға барлығы 12 балалар ойын алаңдарын соғу жоспарланған болса, қазіргі таңда орнату жұмыстары қатар жүргізіліп жатқандығын көріп, біліп жүрміз.
Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетовтің тікелей басшылығымен іске асып жатқан осы және өзге де жұмыстардың жемісін қала тұрғындары көруде десек артық айтқандық емес. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Қаратау қаласында 153 шағын және көп­қабатты тұрғын үйлер бар екен. Соның ішінде, шағын қабатты тұрғын үйдің 18 ауласына балалар ойын алаңшалары мен «Street workout» соғуды қажет болса, көпқабатты тұрғын үйдің 28 ауласына балалар ойын алаңшалары мен «Street workout» соғуды қажет етеді екен. Алдағы уақытта бұл жұмыстар да кезең- кезеңімен жүзеге асып, жаңа балалар ойын алаңдары көпшілік көзайымына айналады деп сенеміз және осындай халық игілігіне қызмет ететін жұмыстардың іске асуына мұрындық болған Қаратау қаласының әкімі Дархан Байм­бетовке тұрғындар атынан алғысымды жеткізгім келеді.
Күлбибі ИСАБАЕВА,
Қаратау қаласының тұрғыны.

Комментировать
Отправить
Leave A Reply

Your email address will not be published.