Аймақинфо- ақпараттық портал

Өңірдегі өзекті мәселелер қаралды

0 19
Апта ішінде Талас аудандық мәслихаттың кезекті XXVIII сессиясы өтті.
Сессия отырысының күн тәртібінде Қаратау қаласы мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың және қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қысқа дайындығы, жаңа оқу жылына дайындық және білім сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен кешенді жоспарлар, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мәселелер қаралды.
Жиында сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы Тамды, Бекікқара, Көктал, Қаратау, Қасқабұлақ ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі аталмыш мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тарапынан уақытша жұмысшы комиссия құрылып зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу қорытындысы бойынша анықтамалар әзірленіп тұрақты комиссия отырысында талқыланып, сессияның қарауына тиісті шешімнің жобалары ұсынылды.
Талқылау барысында қаралған мәселелер негізінде сын-ескертпелер айтылып тиісті ұсынымдар берілді. Қысқа дайындық жұмыстары оның ішінде орталық қазандықтың су-бу қазандықтарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау, білім сапасын жақсартуда нақты шаралар қабылдау сияқты мәселелер қаралып, ұсыныстар айтылды.
Ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, олардың табысын арттыру бағытында жүргізіп отырған жұмыстарын ширату керектігі ескертілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында берілген несиелердің іске асу тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамытуда нақты шаралар қабылдау жұмыстары бойынша нәтиже көрсету керектігі де ескертілді.
Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.