Аймақинфо- ақпараттық портал

Жаңа үлгіде жабдықталды

0 16
Алда тұрған басты міндеттердің бірі-заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру. өркениеттің өріне шығаратын алғашқы баспал­дақ мектеп екені анық.
Осы орайда, 2024-2025 оқу жылында мектебіміздің пән кабинеттері жабдықталып, заманауи құрылғылармен қамтылды. Есейхан ауылындағы «Қаратау » орта мектебінде химия, биология кабинеттері заманауи талапқа сай жаңартылды. Жоғарыда аталған пән кабинеттері сабақ барысына қажет болатын құрылғылар­дың барлығымен қамтылды, сондай-ақ әр пәннің ерекшелігіне қарай жаңа парталар мен орындықтар алынды. Айталық, зертханалық бөлмелерде биология, химия сабақтарына қажет­ті құрылғылар мен лабораториялық құралдар толық алынды.
Бұл кабинеттердің тағы бір ерекшелігі, соңғы үлгідегі сенсорлы теледидармен қамтылғандығында. Мұғалімдер де сабақ барысында ғаламтор желісін еркін пайдаланып, қажетті мәліметтерді тез тауып, сабақтарын жеңіл жүргізе алады. Сабақ беру процесі едәуір жеңілдеуде. Пән кабинеттері жабдықталғалы сабаққа оқушылардың қызығушылығы артуда. Пән кабинеттерінің жабдықталуы оқушылардың пәндерді терең меңгеруіне үлкен үлес қосары сөзсіз. Мектепте берілетін білімнің ғылыммен ұштасатыны анық. Жаңартылған кабинетте білім алған оқушының болашақ ғалым боларына сенім артамыз.
Тағы қуантарлық жағдай, мектебіміздің жомарт түлегі Ғазиз Бекбердиев ағамыздың демеушілігімен математика кабинеті толықтай заманауи мектеп жиһаздарымен жабдықталып, жаңа үлгіде безендіріліп, жаңа оқу жылында қолданысқа берілді. Жомарт азамат Ғазиз Бекбердиев ағамызға алғысымыз шексіз. Жақсылық жасау үшін ниетіңіз болса болғаны. Пейілі кең, жүрегі жомарт жан ауылының өркендеуіне үлес қосары анық. Ауылының мүддесін өзінен биік қоятын, атамекеннің абыройын асырып жүрген азаматтардан үлгі алайық.
Шолпан Таженова,
“Қаратау” орта мектебінің директоры.
Есейхан ауылы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.