Аймақинфо- ақпараттық портал

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі қоғам дерті

0 14
Қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің басты әрі күрделі мәселесі саналып отырғаны белгілі. Үлкен әлеуметтік індет болып табылатын құбылыс тек елімізді ғана емес, әлем мемлекетте­рінің барлығын алаңдатады.
Түйткілді мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: — Мемлекеттік органдар қанша тырысса да, қоғамның қолдауынсыз жетістікке жете алмайды. Азаматтарда адалдық идеологиясы қалыптасуы тиіс. Қазір бұл бағытта көптеген жұмыс­тар атқарылуда. Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы еріктілері клубтары, адалдық дүгіршектері және өзіне — өзі қызмет ету касалары — осындай жобалар туралы кеңінен жариялауы керек, — деген болатын.
Мемлекет басшысы атап өткен жобалардың барлығы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Расымен азаматтармен диалог орнату арқы­лы індеттің жолын кесіп, қоғам нара­зылығын тудырып жүрген түйткілді салаларды анықтауға болады. Ондағы мақсат сыбайлас жемқорлықпен то­лыққанды күресу арқылы халықтың құқықтық сауатын ашу және құқықтық түсіндіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Бұл мәселеде тек жауапты сала өкілдері ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек.
Leave A Reply

Your email address will not be published.