Аймақинфо- ақпараттық портал

Талас ауданы топ жарды

0 20
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл. Мерейтойға орай облыс орталығы Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этномәдени кешенінің «Көрме» павильонында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Өңірдің 85 жылдығы аясында облыс аумағында жыл бойына жалғасқан мерекелік шаралар мен түрлі байқауларды қорытындылаған кеште облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сөз алып, Жамбыл жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтап, 85 жылдық мерейтой облыстың құрылу кезеңін ғана емес, оның терең тарихын зерделеп, жеткен жеңістерін саралау екендігін атап өтті.
«Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күндері аясында өткен байқауда мерекелік шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Талас ауданы топ жарып, жеңімпаз атанды. Салтанатты шара барысында облыс басшысы Ербол Қарашөкеев марапаттап, ауданға шағын автобустың кілтін табыстады.
Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында бұдан бөлек «Туған өлкем Жамбылым» атты жазба ақындарының мүшәйрасына қатысқан жерлесіміз, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының директоры Жанар Мырзамбетова «Арнайы жүлдемен» марапатталса, «Туған өлкем жамбылым» республикалық композиторлар байқауында 3-орынды иеленген Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі, әнші-композитор Нұрым Қойгелдиев марапатталды.
Облыстық байқауда топ жарған Таластың жеңісін аудан халқының ерен еңбегі мен өңірдің мәдениеті мен өркениетіне қосқан қомақты үлесі, өнерге деген адалдықтарының жеңісі деп білеміз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.