Аймақинфо- ақпараттық портал

Қуанышты еселеген қоныс той

0 18
Қайта жаңғыртудан өткен 3 мөлтек ауданындағы №5 жә­не №6 көппәтерлі тұрғын үй пайда­лануға берілді. Құрылыс жұмыс­тарына жауапты «Altyn LTD» ЖШС.
Жалпы жаңа пәтердің кілттері тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтармен қатар, бюджет қызметкерлеріне, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасыларына тапсырылды.
Тұрғындардың қоныс той қуанышына тілеулестік танытқан аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ел игілігіне ұсынылған нысанды аралап, жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты.
Бұған дейін Бауыржан Момыш­ұлы көшесіндегі №10, №13, 3 мөлтек ауданындағы №16 үйлер қайта жаңғыртудан өтіп, қолданысқа берілген болатын. Енді міне Тәуел­сіздік күні қарсаңында тұрғындар тағы бір қуаныштың куәсі болды.
Осылайша көппәтерлі үйлерге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыс­тарының нәтижесінде биылғы жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 1432 адамның 372 –і баспаналы болды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.