Аймақинфо- ақпараттық портал

Көктал үлгілі ауыл қатарында

0 11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастама­сымен республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Ауқымы кең акция «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды тақырыптарды қамтыды.
Тазалық жұмыстарында белсенділік танытқан елді мекендер арасында «Үлгілі ауыл» конкурсы ұйымдастырылған болатын. Жаңа жыл қарсаңында байқаудың қорытындысы жарияланып, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев үздік деп танылған ауылдарды атады. .
Байқау нәтижесінде он аудан ұсынған үздік, үлгілі ауылдардың арасынан Көктал ауылы 3-орынды иеленіп, 10 млн. теңгенің сертификатын иеленді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.