Аймақинфо- ақпараттық портал

Республикалық акция шеңберінде. Алдын алған абзал

0 21
Тұрмыстық зорлық–зомбылықтың алдын алу – ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Оның тиімділігі жалпы еліміздегі құқық бұзушылықтардың жай-күйі және мемлекетіміздің оның болшағын құрайтын отбасы институтының дамуына байланысты. Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мемлекет басшысымен ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.
Осыған байланысты, криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық–тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 20–29 қаңтар аралығындағы кезеңде ел аумағында «Тұрмыс» рес-публикалық жедел–профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілуде. «Қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін атқармайтын ата-аналар», ІІО тізіміндегі есеп санаттары бойынша есепте тұрған адамдар тұрғылықты жерлері бойынша барынша тексерілетін болады. Қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларға және зорлыққа ұшырау белгілері бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және анықтау бойынша құрылған мобильді топтардың жандандырып, мүдделі мемлекеттік органдарға ақпараттың уақтылы жіберілуі қамтамасыз етіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.