Аймақинфо- ақпараттық портал

Атырау тұрғыны «бонус қосып беремін» деп 30 адамнан 40 млн теңге алдап алған

Атыраулық полицейлер 30 адамның 40 млн теңгесын алдап алған күдіктіні ұстады

0 10

Атырау полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылғы желтоқсан айы 2023 жылғы қаңтар айы аралығында Каспи және Freedom Finance банктерінен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп, 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденіп алған күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол 33 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.