Аймақинфо- ақпараттық портал

Интернет алаяқтарынан абай болыңыз

0 17
Интернет байланысын пайдаланушы­лардың қатары артқан сайын алаяқтық фактілері жиіледі. Бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарынан да аз айтылып жатқан жоқ. Қазір әлеуметтік желіні пайдалану арқылы халықтың сеніміне кіру, салым салу жолымен ақшаны еселеп қайтарып алу сынды заңсыздық сейілмей отыр. Алданып немесе сан соғып қалатындардың денін жасы үлкен адамдар құрайды.
Мәселен, 2022 жылы алаяқтыққа ұрынған 43,2 мың адам тіркелсе, өткен жылы олардың саны 46,8 мыңға өсті. Саала мамандарының айтуынша ең көп топ 30 бен 39 жас аралығындағы адамдардан тұрады. Олар жалпы санның 27 пайызына тең көрінеді.
Құзырлы орган қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан шабуылдаушылардың қармағына түсушілер азаяр емес.
Қазіргі таңда интернет-алаяқтық жасаушылардың ең көп тараған әдісі-ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру беру арқылы жасалатын интернет-сауда. Ондай сәтте алаяқтар тауардың немесе көрсетілетін қызметтің төмен бағасын орналастырады. Алдын ала төлемді болмаса толық төлемді сұрайды.
Қалай десек те, интернет-алаяқтық уақыт талабынан туған заңсыз әрекет. Ал заңсыздыққа берілетін жаза үлкен. Сондықтан интернет желісін пайдаланушылар қырағылық танытып, сақ болғаныңыз абзал. Мұндай оқиғаларға тап болмау үшін телефон арқылы ешкімге жеке мәлімет бермеңіз. Сонымен қатар күмәнді қосымшаларды орнатудан және қаржылық операцияларға қатысты асығыс шешім қабылдамағаныңыз жөн.
Leave A Reply

Your email address will not be published.