Аймақинфо- ақпараттық портал

Баланың құқықтары мен міндеті түсіндірілді

0 14
 Қаратау қаласындағы «Үміт» арнайы мектеп интернатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сай «Заң және тәртіп» аясында «Сен және заң» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Мекеменің тәрбиеші педагогтары Ш.Асан және Г.Базаралиеваның ұйымдастыруындағы шараға аудандық пробация қызметінің әділет капитаны Әлішер Құмар және мектеп интернаттың 9-12 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Әлішер Қуандықұлы оқушыларға құқықтық сауаттылыққа қатысты пікір білдіріп, жасөспірімдердің құқықтары мен міндетті туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар Әлішер Құмар қызметтегі әріптестері мен өз атынан мекемеге музыкалық колонка аппаратын сыйға тартты.
Өз кезегінде мұндай шаралардың оқушылар үшін маңызды екендігін алға тартқан «Үміт» арнайы мектеп интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаура Жұматқызы аудандық пробация қызметі тарапынан көрсетілген сый сияпатқа ризашылығын білдірді.
Қазіргі таңда «Үміт» мектеп интернатында қимыл-тірек аппараты бұзылған 94 бала білім алып жатыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.