Аймақинфо- ақпараттық портал

Тамды ауылдық округінің әкіміне үміткер Момбеков Ришад Амирхановичтің сайлауалды бағдарламасы

0 36

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауылды дамыту — елдің болашағын айқындайтын маңызды міндет» екенін қадап айтты. Әсіресе, ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мәселелері Мемлекет басшысының жіті бақылауында.

​ Мен, Момбеков Ришад Амирханович, осы туған ауылымның түйткілді мәселелерін іштен білетін азамат ретінде, Президентіміздің алға қойған ауқымды тапсырмаларын біздің округ деңгейінде сапалы жүзеге асыруды өзіме мақсат етіп қойдым. Осы мақсатта дайындалған сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

–Ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына стратегиялық кешенді бағдарламалық жоспар жасауға ықпал ету;

–Өткен жылдардағы атқарылған жұмыстарды саралай келе, талдау жасап,  бюджеттен қаржы бөлдіру бойынша жұмыстар жүргізу;

— Ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс орындарын құруға басымдық беру.Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмысқа орналастыру және жұмыссыз тұрғындардың грантар мен жеңілдетілген несиелер алып, жеке кәсіпкерлігін бастауына жан-жақты қолдау көрсету;

–Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары малдарының  жұқпалы ауруларының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралардың жүргізілуін қадағалау;

–Ауыл көшелерін жөндеу жұмыстарын аяқтау, көше жарықтарының халық игілігі үшін үздіксіз жанып тұруына ықпал ету және көшелерге насихаттық бильбордтар, керме жазулар орнату;

–Ауыл тұрғындарынан жиналатын салық төлемдерінің жоспарлы орындалуын бақылауда ұстау;

–Ауыл шаруашылығын дамыту барысында, шаруа қожалықтарының иелігіндегі егістік жерлерін тиімді пайдалану мақсатында жаңа технологияларды енгізуге ықпал ету;

–Шаруа  қожалықтарын ірілендіру, ескі техникаларды есептен шығарып, жаңа техникалар сатып алу арқылы жұмыс орындарын қарастыру;

–Ауылға келетін су ағарлар мен каналдарды тазалауға, жөндеуден өткізуге қаржы бөлдіруге ықпал ету;

–Ауылға кіре берісті көгалдандыру мақсатында түрлі ағаш, жеміс-жидек көшеттерін егіп, жасыл желекті ауылға айналдыруға жұмыс жасау;

–«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша спорт алаңын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге  ықпал ету;

–Ауылдағы мемлекеттік мекеме басшыларымен, қоғамдық қауымдастық мүшелерімен бірлесе отырып, ауылда өтетін іс-шараларды ұйымдастыру және атқарылатын жұмыстарды бірге шешу;

–Ауыл тұрғындарымен, жастармен және  учаскелік полиция өкілімен бірлесіп, ауылда қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастыру;

–Ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға демеушілер арқылы көмек көрсету, көпбалалы және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мәселелерін комиссия шешімімен реттеу.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.