Аймақинфо- ақпараттық портал

Тамды ауылдық округінің әкіміне үміткер Сыбанбаев Дастан Темірбайұлының сайлауалды бағдарламасы

0 34

Ауыл- аграрлық саланы қозғаушы күш. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік мерзімдегі ең бірінші Жарлығы да ауылды дамытуға арналды.

Ауыл-қазақтың қарашаңырағы, оның көркеюіне атсалысу баршамызға бірдей жауапкершілік. Сол себепті Тамды ауылдық округі әкіміне  үміткер ретінде тіркелдім. Сайлауалды бағдарламамда алдымен төмендегі мәселеге назар аударамын.

-Алғашқы кезекте мемлекеттік бағдарламалар мен қанатқақты жобалардың сапалы орындалуын бақылауға аламын.

-«Ауыл аманаты» жобасын Тамды ауылдық округінде іске асыруға, жоба аясында шаруасын жүргізуге, кәсіппен айналысуға, кооператив құруға ниет білдірген азаматтарға төмен пайызбен несие рәсімдеуге ықпал етемін.

-Қазір ауылдардың маңайында жайылымдық жер тапшы. Игерілмей жатқан жерлерді аудан меншігіне қайтару арқылы, шаруалардың кәсіп жасауға мүмкіндігін артырамын.

-Тамды ауылы су қоймаларын артық қоқыстардан тазартып, су қорын ұлғайту мәселесін қолға аламын.

-Ауыз су мәселесін назарға аламын.

-Тамды ауылдарында кәсіп жасауға қызығушылық танытқан тұрғындарды  мемлекеттік бағдарламаларға  қатысуға шақырамын.

-Ауылдан шыққан кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтардың демеушілік есебінен балалар ойын алаңын және спорт алаңшасын  салуға ықпал етемін.

-Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілектеріне назар аударамын.

-Ауылдағы учаскелік полиция инспекторымен және қоғамдық ұйым мүшелерімен бірлесе отырып, ішкі тәртіпті сақтауды назарға аламын.

-Тамды ауылына ауыз су жүйесін тартуды, телефон байланысы мен интернет желісінің жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуына ықпал етемін.

-Ауыл жастарын  көктемгі және күз айларындағы санитарлық-тазалық жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырамын.

   

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.