Аймақинфо- ақпараттық портал

Тамды ауылдық округінің әкіміне үміткер Төсбай Әбдіразақ Әбдіқалиұлының сайлауалды бағдарламасы

0 41

Ауылды көркейту-бәрімізге ортақ міндет.Осы орайда Тамды ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде сайлауалды бағдарламамда ауылдық географиялық ерекшеліктері ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға күш саламын. Ол үшін алғашқы кезекте тұрғындар тарапынан көтеріліп келе жатқан шешімін табуға тиіс мәселелерге назар аударамын. Ауылдық округі әкімінің құзіретін пайдалана отырып, округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқару.

Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, Жергілікті қауымдастық, Ардагерлер кеңесі, Отбасы және әйелдер ісі кеңесі, Жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыту. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпалын арттыруға қол жеткізу.

Төменгі пайызды несиелер арқылық шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Шаруа қожалықтарының жұмысының уақыт талабына сай ұйымдастырылуын қадағалай отырып, мал басын асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын ашып шаруашылықтың тиімділігін арттыру мақсатында кооперативтер құру.

Ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан,мектеп жастағы балалар санын арртыру үшін көшу-қон мәселесін қарау, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ықпал жасау.

 

Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.

Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.