1 сәуір 2024 жылы Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,ҚР-ң мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының дүниеге келген күніне орай “Наршаның нақыштары” атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмені Қаратау құрылыс- техникалық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Қожамбаева Индира Рахметханқызы мен колледждің 1-курс білімгерлері тамашалап, өздерінің көрмеден ерекше әсер алғанын жеткізді.
Нарша Кашағанұлы 1951 жылы 1 сәуірде Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Әл — Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы Ойық ауылында Комсомол комитетінің хатшысы
болып бастаған. 1974-1979 жылдары Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл
аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, «Шұғыла-Радуга» газетінде аудармашы болып қызмет атқарған.
1979-1991 жылдары Талас аудандық
«Ленин жолы» газетінде тілші хаттары бөлімінің меңгерушісі , жауапты хатшысы болған. 1991-1993 жылдары Жамбыл өңіріндегі «Шапағат» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1993-1999 жылдары Талас ауданы әкімдігінің тіл басқармасының, 1999-2007 жылға дейін Талас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастығы лауазымында болды. 2007 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарды.
Жасындай жарқырап, тік тұрып, тура сөйлеген Нар ақын бірнеше кітаптардың авторы. Атап айтқанда: «Өлеңге менің дағы бар таласым»,«Елде тұрам», «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары».
Өмірі өлеңмен өрілген Нарша ақын «Туған жер», «Тамаша неткен,Таласым менің», «Қазақпын деп айтпай-ақ қой, бауырым», «Жақсылық жаса адамға», «Елден үлкен емессің», «Бөлтірік шешен» атты өлеңдері арқылы халқымен тілдескен.
Ақын өмірдегі жан-жары, сыңары Турабай Болған Сағындыққызына да «Өмір мені табыстырды өзіңмен» атты өлең арнаған.
Ақын Нарша Қашағанұлының қаламынан туындаған “Хат жазып тұр“, “Тамаша неткен, Таласым менің“, “Жақсылық жаса адамға“, “Ұмыта алмайсың мені“, “Анда-санда“, “Бақыттымыз бәріміз”, “Рахмет саған туған ел”, және тағы басқа да өлеңдеріне сазгерлер ән жазды. Елде тұрып-ақ өткір, ұтқыр сөз сөйлеп, айдай әлемге м