Аймақинфо- ақпараттық портал

0 11
Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақс­тан Жазушылар Одағы­ның мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республи­касының мәдениет қай­раткері, Талас ауданы­ның Құрметті азама­ты, ақын Нарша Қашаған­ұлы­ның өмірі мен шығар­ма­шы­лығына арнал­ған “Наршаның нақыш­та­ры” ат­ты көрме ұйымдас­тырылды.
Көрмені тамашалауға ар­найы келген Қаратау құ­ры­лыс- техникалық коллед­­жінің 1-курс білімгер­лері мен қонақтар ақынның руха­ни мол мұрасымен танысты.
Нарша Кашағанұлы 1951 жылы 1 сәуірде Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Әл — Фара­би атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің журна­листика факультетін бітір­ген. Еңбек жолын 1969 жы­лы Ойық ауылында Ком­сомол комитетінің хат­шысы болып бастаған. 1974-1979 жылдары Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, «Шұғыла-Радуга» газетінде аудар­машы, 1979-1991 жылда­ры Талас аудандық «Ленин жолы» газетінде тілші, хаттар бөлімінің меңгерушісі, жауап­ты қызметтерін атқарған.
1991-1993 жылдары Жамбыл өңіріндегі «Шапа­ғат» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1993-1999 жылдары Талас ауда­ны әкімдігінің тіл басқар­масының, 1999-2007 жылға дейін Талас аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болған.
2007 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарды.
Жасындай жарқырап, тік тұрып, тура сөйлеген Нарша ақын «Өлеңге менің дағы бар таласым»,«Елде тұрам», «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптардың авторы. Өмірі өлеңмен өрілген Нарша ақын «Туған жер», «Тамаша неткен,Таласым менің», «Қазақпын деп айтпай-ақ қой, бауырым», «Жақсылық жаса адамға», «Елден үлкен емессің», «Бөлтірік шешен» атты өлеңдері арқылы жыр сүйер қауымға кеңінен танымал.
Ақын Нарша Қашағанұлының қаламынан туған «Хат жазып тұр», «Тамаша неткен, Таласым менің», «Жақсылық жаса адамға», «Ұмыта алмайсың мені», «Анда-санда», «Бақыттымыз бәріміз», «Рахмет саған туған ел» және тағы басқа да өлеңдеріне сазгерлер ән жазды. Елде тұрып-ақ өткір, ұтқыр сөз сөйлеп, айдай әлемге мәшһүр болған Нарша ақынның өшпес мұрасы елінің есінде. Туған елінің ықыласына бөленіп,сүйіспеншілігіне ие болған ақын мұрасының өміршең екендігін, өлеңдерінің жас ұрпаққа берері мол екендігін ұғындыру мақсатында қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.